Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандары оқушыларының көктемгі демалыстары болады - Білім министрі

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандары оқушыларының көктемгі демалыстары сақталады.

Қазақстанның     солтүстік  және   шығыс      аудандары оқушыларының    көктемгі демалыстары   болады  -  Білім  министрі

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

«Әрине, қосымша сабақтар болады. Болмаған сабақтардың барлығы (ауа райына байланысты - агенттіктің түсіндірмесі) болады. Көктемгі демалыс та болады», деп сендірді министр.

Соңғы апталарда республиканың солтүстігі мен шығысында қатты аязға байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды. Мысалы, қаңтардың 21-і түнде Шығыс Қазақстанда термометр бағамы - 42 градусқа дейін, Зырян және Көкпекті аудандарында - 45 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.