Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне қар жауады - Қазгидромет

Сенбі күні солтүстік циклон ойпатының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар жауады.
Ссолтүстік-батысында және солтүстігінде (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. ҚР бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында тұман түседі.