Қазақстанның сот жүйесі коммерциялық даулар саласында үздік халықаралық стандарттарды енгізеді - Қ. Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сот жүйесі инвестициялық және коммерциялық даулар бойынша үздік халықаралық стандарттарды енгізеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

«Өткен жыл елдің сот жүйесі үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы айқындаған мақсаттарды жүзеге асыру белгісімен өтті. Қазақстан сот жүйесі алдында сот төрелігінде үздік халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты жаңа міндеттер тұр, оның ішінде инвестициялық және коммерциялық даулар саласындағы қадамдар ескерілген»,-деді Қ. Мәми ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысында.

Айта кетейік, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды. Осы орайда 2016 жылы ҚР Судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының жаңа әдеп кодексін қабылдау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар