Қазақстанның сот жүйесі өткен жылы әлемдік рейтингте 25 орынға алға жылжыды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің сот жүйесінде ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, өткен жылы республикада сот жүйесін одан әрі дамыту, құқықтық негіздерін нығайту, азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Қазақстанның сот жүйесі өткен жылы әлемдік рейтингте 25 орынға алға жылжыды

Бір ғана мысал: 2014 жылы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның сот жүйесі «Сот тәуелсіздігі» индикаторы бойынша 86-орынға тұрақтады. Яғни, ұлттық сот жүйесі 2011 жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін 25 позицияға жақсартты.