Қазақстанның соттары азаматтық, сауда істері бойынша шетелден дәлелдемелер алатын болады

«Осы конвенция арқылы Қазақстан ТМД (Ресей, Беларусь, Украина, Армения) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Аустралия, Германия, Испания, Италия, Франция, Финляндия, Турция, Сингапур, Оңтүстік Корея) елдерін қоса алғанда, 53 мемлекетпен ынтымақтастық орната алады. Осы елдердің ішінен біз халықаралық шарттар шеңберінде тек 7 елмен - Ресеймен, Беларусьпен, Армениямен, Қытай Халық Республикасымен, Үндістанмен, Литвамен және Түркиямен ынтымақтасамыз. Ал тұтастай алғанда заңды қабылдау өз азаматтарын шетелде қорғау туралы конституциялық кепілдікке сәйкес келеді», - деді Әділет министрі Берік Имашев.
Оның айтуынша, Конвенцияда бір елдің сотының басқа елдің аумағында дәлелдемелерді алуының біріздендірілген тәртібі айқындалған. Оған қатысу әсіресе Қазақстанның соттарының шетелде экономикалық және инвестициялық дауларды қараған кезде аса маңызды.