Қазақстанның спорт және шоу-бизнес жұлдыздары Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар «Қазақстан» мен «24.kz» телеарналары көрсететін патриоттық акция-телекөпір барысында өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдіре алады.

Қазақстанның спорт және шоу-бизнес жұлдыздары Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде «Мен Қазақстанды не үшін жақсы көремін?» деп аталатын патриоттық акция кең танымалдыққа ие болған еді. Соңғы 2 апта ішінде қазақстандықтар өз Отанына деген сүйіспеншілігін білдірген бірқатар қызықты бейнероликтерді жария етті.
Ал бүгін телестудия аталған бейнематериалдардың авторларын шақырды. Олардың қатарында шоу-бизнес және спорт жұлдыздары да болды. Студияға телекөпір арқылы еліміздің барлық өңірлері қосылды.
«Қазақстан - табысқа бағыт алған патриоттар елі, біздің әрқайсымызға өзіміздің әлеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ел. Қазақстан спортшыларының жетістігін бүкіл әлем біледі. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Геннадий Головкин және төртінші рет әлемнің үздік зілтеміршісі атанған - Илья Ильин. Мен Қазақсанды жасқы көремін. Өйткені, ол жеңімпаздар елі!», - деді грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко.
Жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да қазақ елін жақсы көретіндігін баса айтты. «Қазіргі уақытта біздер тамаша жеңіл атлетика орталығында тұрмыз. Мұнда күн сайын шамамен 500 бала спортпен айналысады. Мен олардан Қазақстанымыздың айбынын асыратын тек қана чемпиондар шығатындығына және өз елдерінің нағыз патриоттары болатындығына», - сенемін деді телестудияға тікелей көпір арқылы қосылған О.Рыпакова.

«Мен Шененстанда дүниеге келдім. Қазақстанға кішкентай кезімде қоныс аударған едім. Осы жерде мен тұлға ретінде, әртіс ретінде қалыптастым. Мен бар күш-жігерімді өз Отанымның игілігіне жұмсауға уәде беремін. Мен сені жақсы көремін, Қазақстаным!», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі Ислам Музаев.