Қазақстанның спорт журналистері бірігуге ұйғарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның спорт баспасөзі қауымдастығы мен Спорт журналистері федерациясы бірлескен отырысын өткізді, оның барысында қоғамдық ұйымдар бірігу керек деген тоқтамға келді, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

«Өткен аптада Астана мен Алматыдағы заманауи байланыс арқылы Қауымдастықтың атқару комитетінің көшпелі отырысы болды, оған жақында сайланған Қазақстан спорт журналистері федерациясының президенті Ілия Оразақов пен осы бірлестіктің бас хатшысы Римма Тәжібаева қатысты, - деп әңгімеледі Омаров. - Ашығын айтқанда, осы кездесуді біз ҚСБҚ атқару комитетіндегі әріптестер көптен, нақты айтқанда былтырғы күзден бері күткен едік».

Отырыс барысында ҚСБҚ-ның ҚСЖФ-мен бір ұйымға бірігуі және қауымдастық атқару комитетіне федерация өкілдерін енгізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Қазақстандағы спорт баспасөзінің жұмысын жақсартуға бағытталған ықтимал бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Отырыс қорытындысымен ҚСБҚ мен ҚСЖФ-ның заңда түрде бірігуі осы жылғы шілде айының ортасына белгіленді.

Соңғы жаңалықтар