Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жаңа жобаны бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жаңа жобаны іске қосты. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында институт директоры Ерлан Қарин хабарлады.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жаңа жобаны бастады

«Сарапшымен кездесу» деп аталатын жаңа жобада шетел және отандық сарапшылармен түрлі маңызды тақырыптар бойынша кездесулер ұйымдастырылады.

Жобаның алғашқы қонағы Испанияның Барселона қаласындағы Халықаралық қатынастар орталығының ғылыми қызметкері, доктор Николас де Педро. Жиынның тақырыбы: «Украинадағы дағдарыс: ЕО сарапшы көзқарасы». Кездесу 19 қарашада өтеді.