Қазақстанның су айдындарын аулардан тазарту акциясы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның 72 су айдыны мен учаскесінде экологиялық акция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен 2019 жылғы 17 тамызда Қазақстанның 72 су айдыны мен учаскесінде «Аулардан таза - су айдындары» атты экологиялық акция өтеді. Акцияның мақсаты – су айдындарды тастап кеткен және заңсыз қойылған аулардан тазалау. Шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мамандары, жергілікті мемлекеттік органдар, балық шаруашылығы субъектілері, орман шаруашылықтары, экологиялық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысады», - деп хабарлады аталғаш министрлікке қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Акцияның өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылдық округі, Тайтөбе поселкесі (Нұра өзені), Нұра демалыс орнының маңы. Шара сағат 09:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram