Қазақстанның судағы құтқару қызметі шомылу маусымы кезеңінде жұмысты күшейтуде

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстанның судағы құтқару қызметі шомылу маусымы кезеңінде жұмысты күшейтуде.

Қазақстанның судағы құтқару  қызметі     шомылу маусымы кезеңінде жұмысты күшейтуде

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында министрліктің төтенше оқиғаларды жою департаментінің директоры Диханбек Сатылғанов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, шомылу маусымы басталғалы бері (1 маусым ) ашық су айдындарында 143 адам суға кеткен, олардың тоғызы - балалар. Өткен жылы бұл статистика - 284 адамды құраған. Д.Сатылғановтың айтуынша, бұл қайғылы оқиғалардың басты себебі - адамдардың мас болып және шомылуға арналмаған жерлерде суға түсуі.

Қазақстанда 80 мыңнан астам ашық су көзі бар, ал шомылуға арналған орын - 821. Д.Сатылғановтың айтуынша, керек-жарақпен жабдықталған, су көзі мен жағалау аумағы әбден тексерілген ондай арнайы аумақтарда судағы құтқару қызметінің бекеттері кезекшілік атқарады.