Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде рейтингі қандай

«Transparency International сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу бойынша үкіметтік емес халықаралық ұйым 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады. 2018 жылғы СЖҚИ 180 елдің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықты өлшеуге бағытталған 13 зерттеулер мен сарапшылардың бағаларына негізделеді. Бұл ретте индексте 0-ден 100-ге дейінгі шкала қолданылады, онда 0 - бұл сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейі, ал 100-керісінше, өте төмен деңгейі. СЖҚИ рейтингінде елдердің жалпы төмендеуі аясында Қазақстан 31 ұпай жинап, 124 орынға ие болды», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан 9 зерттеуде бағаланды. Бұл ретте бес рейтинг агенттіктерінің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін оң бағалады.
Үш рейтингтік агенттік қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға баға берді, тағы екеуі оны жеткіліксіз деп санады.
Bertelsmann Foundation Transformation Index, Economist Intelligence Unit Country Ratings, Freedom House Nations in Transit Ratings және Global Insight Country Risk Ratings рейтингісін 2017 жылғы деңгейде қалдырды - 25 балл, 20 балл, 24 балл және 35 балл сәйкесінше. World Justice Project Rule of Law Index рейтингі да бұрынғы деңгейде қалды - 34 балл.
IMD World Competitiveness Yearbook рейтингті 55-тен 48 балға дейін төмендетті. PRS International Country Risk Guide өткен жылғы 24 балмен салыстырғанда 27 балға дейін, World Economic Forum - 2017 жылғы 36-ға қарсы 46 балл, ал Varities of Democracy Project-24-тен 17 баллға дейін азайтты.