16:38, 15 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың 11 айында 20,5 пайызға өскен
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5 %-ға артып, 84 млрд 344,6 млн долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде экспорт көлемі 54 млрд 673,5 млн долларды (өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғандағы өсім - 26,4%), импорт көлемі 29 млрд 671,7 млн долларды (+11,1%) құрады.
Автор: Асхат Ахметбеков