Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы импорт көлемі 12,9 пайызға азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы импорт көлемі 12,9 пайызға азайды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы импорт көлемі 12,9 пайызға азайды

«Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде сыртқы сауда айналымы 41197 млн. АҚШ долларын құрап, былтырғы жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 0,9 пайызға азайды», - деді Ә.Смайылов.

Агенттік басшысының атап өтуінше, оның ішінде экспорт 5,2 пайызға өсіп, 29132 млн. АҚШ долларын құрады. Ал импорт 12,9 пайызға төмендеп, 12065 млн. долларға жетті.

«Тұтыну бағаларының индексі биылғы жылдың мамыр айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,5 пайызды құрады»,- деді ол.