Қазақстанның сыртқы сауда көлемі ұлғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ақшалай эквивалентте 13,3 млн АҚШ долларын құрады. Осы көрсеткіш 2017 жылғы тиісті мерзімінен 23,5 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның сыртқы сауда көлемі ұлғайды

Есепті кезеңде экспорт көлемі 8,8 млрд долларға жетіп, өткен жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 27,4 пайызға өсті. Ал импорт 4,5 млрд долларды (+16,6 пайыз) құрады.