11:29, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ТМД елдері палаталарының басшылар Кеңесін басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда ТМД-ға қатысушы елдер басшылары Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда Кеңес мүшелері Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы Мейірбек Мәжитовті төраға етіп сайлады.
Қазақстан сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметі атап өткендей, қазақстандық тарап үшін бұл маңызды оқиға, себебі Қазақстан төрағалығы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінің негізі қаланғанына 25-жыл толу мерейтойымен сәйкес келеді.
Сондай-ақ отырыс аясында палата басшылары ТМД елдері тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ТМД-ға қатысушы елдер палата басшылары Кеңесінің кезекті отырысын 2016 жылы Астанада өткізетіні жайлы бірауыздан шешім қабылдады.