Қазақстанның тағы бір спортшысы кәсіби бокстағы жолын сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақта кәсіби мансабын бастап отырған Дәулет Дәукенов ресейлік боксшы Аxматбек Абдуллаевпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның тағы бір спортшысы кәсіби бокстағы жолын сәтті бастады

Екатеринбург қаласында өткен жекпе-жек кезінде Дәукенов қарсыласын бірден тақсырта алды. Ал екінші раундта Дәулет өз шабуылдарын үдетті. Абдуллаев қорғаныстан шыға алмай, ара-тұра соққы жасап, қашып жүрді. Бұл раундтан кейін ресейлік боксшының бапкерлері жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.