Қазақстанның тағы екі облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-сы тағы екі облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның тағы екі облысында ескерту жарияланды

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, 8 қаңтарда Ақтөбе облысыныңкей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе қаласында тұман 8 қаңтар күні түнде түседі. Ауа райының құбылу ықтималдылығы 90-95 %.

Ал Түркістан облысының кей жерлерінде ертең тұман түсіп, көктайғақ болу ықтималдылығы 90-95 %.