Қазақстанның танымал жұлдыздары әлеуметтік желілер арқылы 8 наурыз мерекесімен құттықтаулар жолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның танымал жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, әншілер мен актерлер, музыканттар әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап жатыр. «ҚазАқпарат» ХАА әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың жеке парақшаларында жарияланған құттықтауларға шолу жасаған болатын.
Қазақстан Парламентінің экс-депутаты, «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов 8 наурыз мерекесіне арнап Қазақстанның барлық нәзік жандыларына ерекше сый әзірлеген екен. Facebook парақшасында ол бейнебаян арқылы әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтайды.
«Барлық әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Бүгін күн де ерекше болып тұр. Табиғаттың өзі көктемгі құбылысы арқылы бұл мерекенің ерекшелігін көрсетеді, бұл: көктем мерекесі, махаббат пен бір-бірімізге деген сыйластық мерекесі. Осыған байланысты біздің аналарымызды, аяулы жарларымызды, қыздарымызды, әріптестерімізді, бізді тәрбиелеп өсірген ұстаздарымызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтағым келеді», - дейді М. Әбенов.
Ал танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің Инстаграм парақшасында қысқаша жазба қалдырып, онда барлық әйел затын 8 наурыз мерекесімен құттықтайды. «Халықаралық әйелдер күнімен! Барлықтарымызды көктем, махаббат пен жаңғыру мерекесімен құттықтаймын!!!» - деп жазады ол.
Ал әнші Айқын Төлепберген Инстаграм әлеуметтік желісінде барша қазақстандықтарға бақыт тіледі. «Мейрамдарыңызбен, Аналар! Қыздар!!! Мейрамдарыңмеееееееен !!! Аналар, Арулар!!! Бақытты болыңдаааааар!!!- (деп айқайлап тұрмын)», - деп жазады Айқын.
Танымал әнші Қайрат Нұртас та 8 наурыз мерекесімен құттықтауларға қосылады. Қазақстандық жұлдыз Инстаграм парақшасында ең алдымен өзінің Анасына бақыт тілейді. «Аяулы аналарымызды, Апаларымызды, ардақты әпкелерімізді, жайсаң жеңгелерімізді, ерке қарындастарымыз бен қыздарымызды, сылқым құдашаларымызды, яғни барлық аруларымызды көктем мерекесімен құттықтаймын!!! Бақытты болыңыздар!» - деді Қайрат Нұртас.
Әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын Қазақстанның Аралас жекпе-жек Федерациясы ММА президенті Анатолий Ким де өзінің жеке құттықтауын білдіреді. Ол сондай ақ Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтың құттықтау хатын да қоса жариялапты.
«Серік Сәпиев @serik_sapiyev пен барлық жақсы жігіттердің осы құттықтауы Сіздерге арналады, аяулы ханымдар! Күйеулеріңізді бірінші раундта нокаутқа жіберулеріңізге тілектеспіз! Әрқашан бақытты болыңыздар, әрқашан сүйікті, сүйкімді болыңыздар! Олай болмаса, біз де еркек бола алмаспыз!» - деп жазады аралас жекпе жек Федерациясының басшысы.
Бұған дейін «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев та өзінің құттықтауын жолдап, әйелдер қауымының құрметіне «Алматым менің» атты әнін Жеңіс Сейдоллаұлымен бірге шырқаған болатын.