Қазақстанның тарихын түгендеп жатырмыз - Нұрсұлтан Назарбаев

Ы. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ әлі күнге дейін  өз тарихын жете білмейді. Оның барлығын кезегімен білмесек, болашағымыз бұлыңғыр болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысқан кезде айтты,

Қазақстанның тарихын түгендеп жатырмыз - Нұрсұлтан Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильмнің» жұмысы  шынында да мені көптен бері толғандырып жүретін. Тарихи бір үлкен еңбек болса екен деп ойладым. Сценарий жазуды біраз адамға тапсырдым.  Көшпелілер туралы фильм түсірдік. Одан түскені 220 миллион теңге. Жұмсағанымыз - 30 миллион доллар», деді Елбасы.  Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, биыл қиыншылыққа қарамастан  «Қазақфильмге» 4 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Соның арқасында мұнда жаңа қондырғылар сатып алынды. Енді түсірілген киноны шетелге шығарып өңдеудің керегі жоқ. Барлық мәселелер осы арада шешілетін болады.