Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен - С.Сартаев

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан: заманауи мемлекет ретінде қалыптасудағы Президент Н.Назарбаевтың рөлі» тақырыбында кездесу өтті,

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен - С.Сартаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Сұлтан Сартаев пен заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы Зинаида Федотова мен жоғары оқу орындарының студенттері, жас ғалымдар қатысты. Кездесу барысында белгілі тұлғалар жастарға тәуелсіздік алу мен тәуелсіз ел ретінде қалыптасу жолындағы Елбасының ерен еңбегі жайлы баяндады. «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы ең үлкен еңбек Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа тиеселі. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның мемлекетін қалыптастырушы - «архитекоры» деп атап өтті өз сөзінде академик С.Сартаев.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі кездесу Елбасының 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың бастамасы. Алдағы уақытта бұл бағытта студенттермен кездесулер, арнайы дәрістер ұйымдастырылмақ.