Қазақстанның Тәуелсіздік күні Түркияның үш қаласында тойланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Анкара, Сакария және Гиресун қалаларында концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен қазақстандық студенттердің ұйымдастыруымен Анкара қаласында өткен мерекелік кешке белгілі композитор Бешер Ахмет, домбырашы Акдениз Ербаш, Седат Солакоғлу, Бекарыс Жандәулет, әнші Гүлдара Үсенғалиева, Әсет Закиров және т.б. өнерпаздар қатысты.
null null 

Құттықтау сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы Тәуелсіздік күні мерекесімен барлық көрерменді құттықтап, шараны ұйымдастырған жас өнерпаздар мен қолдау білдірген мекемелердің өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
null 

Сакария қаласында жалғасқан аталған шараға Алматы қаласынан арнайы келген «Сарытауқұм» ұлт аспаптар ансамблі, Ыстанбұлдың белгілі композиторлары Бешер Ахмет пен Жихан Юртшы, домбырашы Седат Солакоғлу және қазақстандық студенттер қатысып, өз өнерлерін паш етті. Мерекелі іс-шара аясында Сакария қаласындағы қазақ жастары ұлттық тағамдар дайындап, қонақтарға тарту етті. Ұлттық-этнографиялық бұйымдардың көрмесін өткізді.
null null null 

Концерттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді атап өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған салиқалы саясаты егжей-тегжей баяндап, Қазақстан-Түркия қарым-қатынастардың жоғары деңгейде жалғасып отырғандығын жеткізді. Сөз соңында Елші Сакария қаласының әкімдігіне және қала тұрғындарына алғыс айтып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Мерекелі концерттік бағдарламалардың аясында Гиресун қаласында өткен шара ресми кездесулермен басталды. Елші А.Сапарбекұлы Гиресун губернаторы Харун Сарыфакыоғуллары және Гиресун қаласының мэрі Керім Аксумен кездесулер өткізді. Жүздесулерден кейін Гиресун университеті Халықаралық мәдениет және өнер қауымдастығы «Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылы» атты концерт өтті.
null null null null 

Қазақтың әні әуелеген концертке Елші А.Сапарбекұлы, Гиресун университетінің ректоры Ж.Жошкун, Гиресун қаласының губернаторы Х.Сарыфакыоғуллары, Гиресун қаласының мэрі К.Аксу, қазақстандық студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Концерттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы баяндама жасап, Гиресун қаласының губернаторы мен мэріне алғыс айтты.
null

null null null  

Соңғы жаңалықтар