Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын тұңғыш арнасына 5 жыл толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең алғашқы тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар 24» арнасына бүгін тура 5 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2012 жылы 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні 24.kz атауымен «Хабар» агенттігінің құрамындағы екінші спутниктік арна сы тәулің бойыжаңалықтар тарата бастады. 

«Ел ішіндегі ғана емес, халықаралық жаңалықтарды да дер кезінде тарататын шығармашылық ұжымның аз жылда өз аудиториясы қалыптасып үлгерді. Бұдан 5 жыл бұрын Елбасы іске қосқан жаңалықтар арнасы бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде беделді мүшеге айналды. Тілшілер еліміздің ғана емес, әлемнің әр түкпірінен тікелей эфирде ақпарат таратуға қауқарлы. «Хабар 24-те» саясат, экономика, спорт секілді түрлі саладағы бағдарламалар да бар. Жаңа маусымда телеөнімдер қатары тағы артпақ. Тәулік бойы ақпарат тарататын арнаның техникалық әлеуеті де зор. ТМД-да теңдесі жоқ студиядағы операторлар жұмысын бүгінде роботтар қолға алған», - делінген телеарнаның хабарламасында .  

Соңғы жаңалықтар