12:52, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қардың қалың жаууына және нормадан 30-70 пайызға асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты қаңтардың 6-10-ы аралығында қар көшкіні болуы ықтимал,

деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығынан.
Осыған байланысты, қар көшкінін туғызбау мақсатында адамдарға тау етегіне шықпауға кеңес беріліп отыр. «Таулы аудандарда абай болыңыздар», деп ескертеді «Қазгидромет» орталығы.