Қазақстанның таулы өңірлерінде қар көшкіні қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар мөлшерінің көбеюіне байланысты Қазақстанның таулы өңірлерінде қар көшкіні түсу қаупі жоғарылайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

«Қардың көп мөлшердегі түсуі күтілгендіктен, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі артады. Таулы жерлерде абай болуға кеңес береміз»,-деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Казгидромет мәліметіне сүйенсек, 27 желтоқсан күні Іле, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Батыс Алтай және Тарбағатай жоталарында қардың көп мөлшердегі түсуі күтіледі.

Өткен тәуліктерде еліміздің барлық таулы аймақтарында, оның ішінде Тарбағатай жоталары (29 мм) және Талас Алатауында (14 мм) қар мол жауды. Дегенмен, әзірге қардың  қалыңдығы  көшкінді қолмен түсіретіндей мөлшерге жеткен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар