Қазақстанның тәжірибесімен Ресейдегі газ құбыры мәселесін оп-оңай шешуге болар еді ? ресейлік ғалымы

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ресей Федерациясы Қазақстанмен салыстырғанда ұлтаралық келісім саясаты саласында қалып келеді. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамлеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өткен

Қазақстанның тәжірибесімен Ресейдегі газ құбыры мәселесін оп-оңай шешуге болар еді ? ресейлік ғалымы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытынды отырысында Ресей Халықтар Достығы университетінің профессоры Ұлданай Бақтыгереева осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан халқы Ассамлеясының ұлтаралық келісім саласында атқарып жатқан жұмысын мойындау қажет. Себебі бүгінде үлкен держава атанып отырған Ресей мемлекетінің өзі осы тұрғыда артта келеді. Мен бұл сөзімді осы елдің туып-өскен азаматшасы ретінде ашық айта аламын», - деді Ұ.Бақтыгереева.Профессор атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Ресей елінде Солтүстік және Солтүстік Кавказ халықтарына қатысты көптеген ұлтаралық кикілжіңдер әлі де бар. «Ал осы мәселелер Қазақстанда сияқты шешіліп отырған жағдайда, жарты жыл бойы басылмай келген газ құбыры проблемасын оп-оңай шешуге болар еді», - дейді ғалым.