Қазақстанның телеарналары әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін болады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы­­­ның орынбасары Бағлан Майлыбаев «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені мен мемлекеттік республикалық телеарналар жетекшілерімен кездесу өткізді.

Қазақстанның телеарналары әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін болады

Кездесу барысында телеарналардың Телерадиокешен ғимаратына қоныс аудару кестесін жүзеге асыру және олар­дың мате­риалдық-техникалық ресурс­та­рының дай­­ындығы мәселелері талқыланды.

Телерадиокешенге «Хабар агент­ті­гі» АҚ, «Қазақстан» РТРК», «Мир» ХТРК мен «Еуразия+ОРТ» телекомпаниясы орналасатын болады. Сондай-ақ, Телерадиокешен базасында үстіміздегі жылы  «Білім» және «Новости 24» екі жаңа арна шығару жос­парланған.

Телерадиокешен мемлекеттік тарату ком­­­­паниялары үшін басты техноло­гиялық алаң болады және сапалы әрі бә­се­кеге қабілетті медиаконтент өндірісіне деген барлық ағым­дағы және келешек­тегі сұра­нысты қана­ғаттандырады.

«Қазмедиа орталығы» телерадио­ке­шені Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған.

Кешен керемет мультимедиалық жо­ба болып табылады. Оған жаңалық­тар, ток-шоу, сериалдар түсіру, дыбыс жазу, дубляж жасау, радио тарату жұмыстарын дайындау үшін 24 студия орналастырылады. Орна­­­тыл­ған жаб­дық­тар микрофон­­­дарды, камераларды, монтаждау пульт­те­рін, жарықтан­дыруды, дыбыс жүйеле­рін, т.б. қоса алғанда толықтай жи­­­нақ­­­­тал­ған технологиялық желі болып табылады.

ТРК-нің жоғары сыныпты тех­ни­ка­лық жарақтандырылуы оны тек Ор­талық Азия және ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар әлемдегі де ең же­текші жабдық­тар қата­рына жатқызуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде мұнда құрал-жаб­дық­тар­ды дайындау мен телеарналар персоналын әлем­дегі ең заманауи телек­ом­муника­ция­лық және телевизиялық жаб­дық­тарда жұ­мыс істеуге оқытып, үйрету үдерістері аяқталып келеді.