Қазақстанның теміржол саласындағы бірқатар маңызды жобаларын концессияға беру мәселесі қарастырылып жатыр - Ә. Құсайынов

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанның теміржол саласындағы бірқатар маңызды жобаларын концессияға беруді жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР Үкіметі мүшелерінің БҰҰ-ның Қазақстандағы мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту жөніндегі еуропалық экономикалық комиссиясы іскерлік консультативтік кеңесінің өкілдерімен басқосуында министр Әбілғазы Құсайынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі уақытта министрлік Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, «Қазақстандық мемлекет пен жеке сектор серіктестігі орталығымен» бірлесіп жаңа теміржол желілері - «Бейнеу-Шалқар», «Жезқазған-Сексеуіл» құрылысын концессияға беру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр», деді жиында Ә. Құсайынов. Оның айтуынша, аталмыш теміржолдардың жобаланған учаскелері «Петропавл-Шу», «Озинки-Арыс» сынды екі маңызды магистралды бағыттарды өзара біріктіретін жаңа ендік жолдарды қалыптастырады. Жобаның мақсаты ? Қазақстанның орталық және батыс өңірлері арасында тікелей қатынастарын қамтамасыз ету, жүктерді, астықты, мұнай өнімдерін, көмірді, құрылыс материалдарын, металл прокаттарын, кендерді, контейнерлерді жолдағы тасымал қашықтығы мен уақытын қысқарту. «Сондай-ақ «Алматы-Ақтоғай», «Достық-Ақтоғай», «Ақтоғай-Мойынты» теміржол учаскелерін электрлендіру жөніндегі жобаларды концессияға беру жоспарланып отыр», деді Ә. Құсайынов. Теміржол тасымалдарын басқаруды ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес келетін барынша жоғары технолгиялық деңгейге көшіру бұл жобалардың басты мақсаты.
Соңғы жаңалықтар