Қазақстанның теміржол вокзалдарында қосымша тексеру жүйесі енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 16 теміржол вокзалында жолаушылар мен жүктерді тексерудің қосымша жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік әрекеттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап іске қосылады.
«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңімен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексеруге арналған жабдық кешені сатып алынды», - деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының Вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Оның айтуынша, бұл орайда тексеріс өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келулері қажет.