Қазақстанның теңіз десанты жарыстың халықаралық кезеңіне дайындалуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының маңындағы Маңғыстау облысының «Оймаша» оқу-жаттығу орталығында Армия халықаралық ойындары - 2016 аясында теңіз десантының бөлімшелері арасында іріктеу турнирі басталды.

Қазақстанның теңіз десанты жарыстың халықаралық кезеңіне дайындалуда (ФОТО)

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іріктеуге 24 әскериден құралған 5 команда қатысқан. Жеңіске жеткен командаға ғана Армия ойындарының жолдамасы беріледі.

Жарысқа қатысушылар взвод құрамында десанттау, жүгіру, десанттың ұрыс машинасындағы жеке жарыс, сондай-ақ экипажсыз взвод құрамында жеке биатлон, атыс қаруы мен граната атқыштардан оқ ату секілді теңіз десантының жауынгерлік тапсырмаларын орындады.

Байқау екінші үлгідегі десанттың ұрыс машиналарында немесе БТР-82-де өткізілді. Әскери қызметшілер байқаудың төрт кезеңінен өт еді. Жеңімпаз командасы халықаралық кезеңге дайындалады.

Өткен жылы алғашқы Армия халықаралық ойындарында теңіз жаяу әскерлері 3-орынды еншілеген болатын.

Теңіз десантшылары - бұл теңіз десанттық операцияларға қатысатын және жауынгерлік іс-қимылдардың өзге де түрлерінде соққы жасақтары ретінде қолданылатын әскери қызметшілер.

null null null null null null