Қазақстанның теннисші қыздары Билли Джин Кинг кубогының финалында ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ITF теннистен әйелдер арасында әлем чемпионатын Шотландияның Глазго қаласында өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бұдан бұрын іріктеу сайысында жеңіліп қалған Ұлыбритания құрамасы корт иесі ретінде қатысатын болды.

8-13 қараша аралығында «Эмирейтс» аренасының жабық кортында өтетін бәсекеге Ұлыбританиядан басқа тағы 11 команда өнер көрсетеді.

Атап айтқанда, беделді жарыста Қазақстан, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ бақ сынайды.

Глазго - сондай-ақ ерлер арасында Дэвис кубогы топтық кезеңінің ойындары өтетін төрт қаланың бірі.

Қазақстан ерлер құрамасы дәл осы қалада D тобында АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды командаларымен тайталасқа түседі.


Соңғы жаңалықтар