Қазақстанның тергеу судьялары жыл басынан бері 6 мың шағымды қарады

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша тергеу судьялары лауазымы пайда болды. Осы аралықта олар 6 мыңнан астам шағым мен қолдаухат қарап үлгерді.
«2015 жылы 4 ай ішінде тергеу судьяларына шешу үшін 6191 өтініш пен ұсыныс келіп түсті. Олардың ішінде 3842 материал немесе 62 пайызы үйқамақта ұстауға санкция беруге жатады. Сонымен қатар 2015 жылдың 4 айы ішінде тергеу судьяларына прокурорлар мен қылмыстық қадағалау органдарының іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты 787 шағым түсті. Олардың ішінде 464 шағым қаралды, сондай-ақ шағымның үштен бірі толық немесе жартылай қанағаттандырылды», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, өзгертудің негізделмеуіне сәйкес, 21 процестік шешім, 36 лауазымдық тұлғаның және 6 прокурордың іс-әрекеттері заңсыз деп танылды және сот ол заң бұзушылықтарды жоюға міндеттеді.
Аталған семинарды ҚР Жоғары Соты және Қазақстанның Судьялар Одағы ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстанның құқық қорғау органдары мен судьяларымен қатар, Германия, АҚШ, Молдова, Эстония елдерінен шетелдік сарапшылар шақырылды.