Қазақстанның ТМД-дағы төрағалығына жоғары баға берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың бастамашысы және локомотиві болып отыр. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы табысты өтті. Осы орайда биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы жемісті болғанын атап өткен жөн. Қазақ достарымыздың төрағалығымен қонақжай Қазақстан жерінде және осы елден тыс аумақтарда да көптеген айтулы іс-шаралар өтті», - деді С. Лебедев Астанада өткен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысынан кейінгі брифингіде.

Бұл тұрғыда ол Қазақстан үнемі ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың бастамашысы және локомотиві болғанын баса айтты.

«Қазақстанның төрағалығы аясында көптеген бастама көтеріліп, олар сәтті жүзеге асты», - деді С. Лебедев.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығын ресми түрде Қырғызстанға тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Бұл ретте отырыс қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылды.


Соңғы жаңалықтар