Қазақстанның төрт бірдей теннисшісі Индиан-Уэллс турниріне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт бірдей теннисшісі Индиан-Уэллс (АҚШ) турниріне қатысады.
Championat.com сайтының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Пэн Шуаймен күш сынасады.
Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишковамен, Зарина Дияс америкалық Джейми Лобпен кортқа шығады. Көптен мұндай ірі жарысқа қатыспаған Галина Воскобоева ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен шеберлік байқасады.
Бұл турнирде Серена Уильямс, Анжелика Кербер, осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Симона Халеп, Гарбинье Мугуруса, Агнешка Радьванска, Петра Квитова сынды әлемнің маңдайалды теннисшілері бақ сынайды.
Айта кетейік, екі аптаға созылатын турнирдің жүлде қоры 6 134 605 АҚШ долларын құрайды.