16:03, 19 Қазан 2017 | GMT +5
Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

20 қазан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с.-қа жетеді
20 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында 20 қазан күні жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
20 қазанда Өскеменде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал.
Сол күні Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады -15-20 м/с, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавлда 20 қазан күні батыстан соққан желдің екпіні 23 м/с.-қа жетуі мүмкін.