Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Жапония Елшісімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Астанада Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сигэо Нацукимен кездесті,

Қазақстанның  Төтенше жағдайлар министрі Жапония Елшісімен  кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесудің мақсаты - төтенше жағдайларды алдын-ала ескерту және оның салдарын жою саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығын дамыту. Владимир Божко Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы, күштері мен құралдары, ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді. Өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы нақты бағыттар бойынша тәжірибе алмасу қажеттілігіне тоқталып өтті.