Қазақстанның транзиттік- көлік мүмкіндігі Венада ЕҚЫҰ алаңына ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық көлік дәлізі аймағы елдерінің сауда, көлік саласындағы серіктестігін дамыту мәселесі Венада ЕҚЫҰ алаңына шығарылып талқыланды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылауға ЕҚЫҰ елдерінің, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисінің, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (UNECE),  Баку халықаралық теңіз сауда порты өкілдері қатысқан.

Сессияда ЕҚЫҰ аймағындағы тасымалдауды табысты дамыту тәжірибесі жөнінде «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры С. Анашкин сөз сөйледі.

 Ол ЕҚЫҰ қатысушы елдерінің Жаңа Жібек жолы бағдарындағы және Қазақстандағы транзиттік тасымалды ынталандырудың бағдарламалары туралы, Еуразиялық көлік-логистикалық хабын жасақтау мәселесі туралы әңгімеледі.

 Қазақстанның ішіндегі және сыртындағы логистикалық шоғырландыру тірек желілері мен жүк ағындары дистрибуциясы, жеке секторды пайдалана отырып инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қолайлы жағдайлары жасалуда.

 Азия, Еуропа, Түркия және Парсы шығанағы елдерінде мультимодальдық шешімдерді қолдану және логистикалық қызметті жетілдіру арқылы контейнерлік қызмет түрі белсенді дамуда.

 С. Анашкин Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен тасымалдауды ұйымдастыру (ТКХБ), ТКХБ Үйлестіру кеңесінің Каспий және Қара теңіздері жағалауы елдерінің инфрақұрылымдық хабын мультимодальдық пайдалану тиімділігін көтеру барысына тоқталды.

 ЕҚЫҰ сарапшылары Еуропа-Азия бағдарындағы жүк ағынына сұраныстың арта түскендігіне орай, кедендік бақылау мен экспорттық- импорттық операциялар мерзімін жеделдетіп, ресімін жетілдіру керек екендігін атап өтті.

 Кездесуде логистика, машинажасау, коммуникациялық ақпараттық жүйедегі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуде австриялық әріптестермен өзара серіктестікті дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 Оның сыртында, сервистік қызметті жаңғырту мен ақпараттық қолдау жобаларының болашағы да талқыланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram