Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдаушыларына Украина 50% жеңілдік жасайды

Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бағыттың қатысушы-мемлекеттерімен Транскаспий дәлізіне қолайлы жағдайлар жасау мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы мәселе бұрын Одесса (Украина) қаласында «Еуропа-Азия біріктірілген көлік дәліздері» Халықаралық конференциясы шеңберінде өткізілген Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Грузия көлік саласының уәкілетті органдарының өкілдері отырысында талқыланған еді.
Отырыс қортындысы бойынша Украинаның Инфрақұрылым министрлігі Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдаушылары үшін жеңілдік жасайтыны туралы өз шешімін айтты.
Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әзірбайжан және Грузия тараптарымен Транскаспий дәлізінің барлық ұзақтығы бойынша тасымалдаушылар үшін экономикалық тиімді жағдайлар жасау мәселесі талқыланып жатыр.