«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 9 айда 41 123 тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасады
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде жалпы шарттық сомасы 86 млрд. теңгеге 41 123 тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасады.
Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында аталған банк басқарма төрағасының орынбасары Мәулен Өтеғұлов мәлім етті.
«Егер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыратын болсақ, жасалған шарттар саны 22,2 пайызға, шартты сома 15,1 пайызға көбейді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, банк жұмыс істей бастағаннан бері жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының саны 198 371-ге дейін өсіп, ал олар бойынша жалпы шарттық сома 331,6 млрд. теңгені құрады. Банк қызметінің бүкіл кезеңі ішінде жалпы сомасы 72,4 млрд. теңгеге барлығы 23 626 заем, соның ішінде 2010 жылы 17,5 млрд. теңге сомасына 5 741 заем берілген.