«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы республикалық «Отбасы» акциясын өткізеді
АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы желтоқсанның 31-іне дейін республикалық «Отбасы» акциясын өткізеді. Акция кезінде салымшыларға үшінші тұрғын үй құрылыс жинақ шартын өзіне немесе отбасы мүшесіне тегін жасалады.
Бұл бірінші және екінші тұрғын үй құрылыс жинақ шарты Банктің комиссиялық алымының толық мөлшердегі төлемін жасаған жағдайда жүзеге асады. Мұндай жағдайда үшінші шарттың шартты сомасы алдыңғы екі тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының шартты сомасының мөлшерінен аспауы тиіс. Бұл акция кезінде салымшының жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары отбасы мүшелері болып танылады. Онда неке туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлігі туыстықты растайтын құжаттар болып табылады. Акция талаптарының бұрын жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына, сондай-ақ кейіннен Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алуға заем алуды көздейтін тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасаушы ҚР Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар мен 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына қатысы жоқ. Қазанның 1-і мен желтоқсаның 31-і аралығында жасалған шарттарды кейіннен өзгерту және қызмет көрсету жалпы тарифтік бағдарламалар талаптарымен жүзеге асырылады.
Жалпы, қазанның 1-індегі мәлімет бойынша банктегі тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының саны - 198 371. Салымшылар жинақтарының көлемі - 34,58 миллиард, шарттық сома - 331,63 миллиард теңге. Ал берілген заем саны - 23 626 болса, берілген заем көлемі - 72,41 миллиард теңгені құрады.