Қазақстанның Түркиядағы елшісі «ТРТ Аваз» телеарнасы өкілдерімен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Радио-Теледидар мекемесінің Түркі дүнеиесіне телехабар тарататын телеарнасы ТРТ Аваз директоры Мурат Аккоч басшылығындағы ұжым өкілдерімен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі «ТРТ Аваз» телеарнасы өкілдерімен жүздесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін сөз етіп, бірлескен жобалар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Түркі дүниесіне ортақ және қазақ-түрік бірлескен фильм телехикая және дереекті фильмдер түсіру жөнінде ұсыныстар қаралды.