Қазақстанның түрлі аймақтарында суға шомылу кезінде үш бала қаза тапты

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның түрлі аймақтарында суға шомылу кезінде үш бала қаза тапты, олардың ең кішісі 8 жаста,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Маусымның 2-сі күні Павлодар облысы Ақсу ауданының Үштерек ауылында жасанды су қоймасына шомылып жүрген 14 жастағы бала батып кетті. Оның денесін суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты. Осы күні кешкісін Атырауда, Жайық өзеніне батып кеткен 8 жастағы бала қаза болды. Ал Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ақай елді мекенінде, Сырдария өзеніне батып кеткен 16 жастағы бозбаланың денесін құтқарушылар іздестіру үстінде.

Соңғы жаңалықтар