Қазақстанның U-17 құрамасы ҚР Президентінің Кубогында Грузиямен тең ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасөспірімдерден құралған U-17 құрамасы ҚР Президентінің Кубогында өзінің екінші ойынын өткізді, деп хабарлады sports.kz.

Қазақстанның U-17  құрамасы  ҚР Президентінің Кубогында Грузиямен  тең ойнады

Қазақстандықтардың қарсыласы Грузия команда болды. Кездесу теңбе-тең аяқталды - 0:0.

Қазақстандық жастар топтық кезең қорытындысы бойынша 4 ұпай жинады және 29 маусымда матчта үшінші орын үшін сайысқа түседі.