Қазақстанның УЕФА коэффициенттер рейтингіндегі орны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Чемпиондар Лигасы мен Конференция Лигасындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарынан кейін УЕФА коэффициенттер рейтингінде 38-орнында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның УЕФА коэффициенттер рейтингіндегі орны белгілі болды
Photo: kazfootball.kz

«Тобыл» футбол клубы Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығып, онда швейцариялық «Базельмен» ойнайтыны хабарланған болатын. Командалар бірінші матчты 27 шілде күні Швейцарияда өткізеді. Қарымта кездесу 3 тамыз Қазақстанда болады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 20 шілде күні Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундының қарымта матчында «Астана» футбол клубы сырт алаңда тбилиссилік «Динамодан» басым түсті. Осылайша, «Астана» іріктеудің екінші кезеңіне шықты. Бұл раундта ол загребтік «Динамомен» кім мықтыны анықтайды.

УЕФА коэффициенті былай құралады: осы маусымдағы орташа ұпайға (жиналған барлық ұпайлар еуромаусымға бір ел атынан қатысып жатқан клубтар санына бөлінеді) алдыңғы төрт маусымның нәтижесі қосылады. Коэффициенттер тең болған жағдайда соңғы маусымда көп ұпай жинаған ел жоғары орынға ие болады.

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Англия – 88.928 (2.000)

2. Испания – 75.927 (2.500)

3. Италия – 71.569 (2,285)

4. Германия – 69,552 (2.285)

5. Нидерланд – 52.100 (0,800)

6. Франция – 51,914 (1.333)

7. Португалия – 46.649 (1.333)

8. Бельгия – 34.400 (0.000)

9. Шотландия – 30.450 (0.800)

10. Аустрия – 28.600 (0.800)

...

36. Латвия – 9.750 (0.750)

37. Косово – 9.416 (0.875)

38. Қазақстан – 9.125 (0.750)

39. Солтүстік Ирландия – 9.083 (1.000)

40. Фарер – 8.625 (1.000)

Жақшада осы маусымның рейтингі көрсетілген.