Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарына грант тағайындау 5-байқауының нәтижесі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарға грант тағайындауға арналған байқау өтеді. Осы орайда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Бәтима Мукина бесінше рет өткен байқаудың қорытындысын жариялап, ҮЕҰ-лар тарапынан қандай жобаларға қызығушылық жоғары екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арасында грант алушыларға гранттық қаражаттарды беру туралы келісімшарт жасалған. 15 тамызда гранттық қаржыландыруға арналған бесінші конкурс аяқталды. Үш үкіметтік емес ұйым бейбіт жиналыстар өткізуге, репродуктивті денсаулық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға қатысты гранттарды жеңіп алды. Олар барынша қызықты жобалар. Жалпы, осы жобаға 25 ҮЕҰ-ден 30 өтінім келіп түсті. Оның ішінде тәуелсіз бағалау жүргізу үшін 10 ҮЕҰ-ден 13 жоба ғана техникалық ерекшеліктері бойынша өте алды. Конкурстық комиссияның отырысы алғаш рет Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook-тегі ресми парақшасында онлайн форматында өтті. Ниет танытқан барлық адам жұмыс процесін қадағалайалды. Біз жұмысымызды барынша ашық орындауға тырысамыз», - деді ол.

Сонымен «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсету» жобасын жүзеге асыру Қазақстанның жыныстық және репордуктивтік денсаулық қауымдастығына бұйырды. Ал «Ақ босаға» әйелдердің қоғамдық бірлестігі отбасылық өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға арналған грантты жеңіп алды. «Жас заңгерлер палатасы» қоғамдық бірлестігі «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша заңнаманы түсіндіру семинарлары» жобасын жүзеге асыратын болады.

«Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жастар мен отбасы саясатын қолдауға бағытталған зобаларға қызығушылық жоғары. Мұнан кейін қызығушылық тудырған жобалардың қатарында Волентер жылыа арналған шаралар бар. Аолентерлік ұйымдар жоғары қызғушылық танытты. Олар елімізде көп екен. Биыл осы екі негізгі бағыт ҮЕҰ-лар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып тұр», - деді Бәтима Мукина.

Жалпы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мәліметтеріне сәйкес, биыл 107 жобаны жүзеге асыруға 1,9 млрд теңге бөлінген. Волентер жылы аясында жалпы сомасы шамамен 659 млн теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылады. Азаматтық орталықты қолдау және дамытуға арналған 17 жобаға 72 млн, өңірлердегі тұтынушылардың құқығын қорғау саласында халықтың құқықтық сауатын арттыру бағытындағы 14 жобаға 45 млн, Ауылдық ҮЕҰ-лардың әлеуетін арттыру үшін 4 жобаға 113 млн, азаматтық қоғамды дамытуға арналған 6 жобаға 46 млн, жастар мен отбасылық саясатты қолдау 20 жобасына 622 млн, халық арасында кітап оқуды насихаттау бір жобасына 12 млн, қоғамдық келісіммен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы 5 жобаға 346 млн теңге бөлініп отыр.


Соңғы жаңалықтар