Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасында бірқатар тағайындаулар орын алды
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қараша айында «Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының аймақ бойынша вице-президенті болып, 1967 жылы Қарағанды облысында туған, Тушиев Руслан Элимханұлы тағайындалды.
Р.Тушиев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қараганды қаласында «Вектор» ЖШС-де заңгер болып бастады. Коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарған. Бокстан ҚР еңбек сінірген бапкері. Үйленген, алты бала тәрбиелеуде.
Сонымен қатар, халықаралық қатынастар және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президент лауазымына, 1971 жылы Қарағанды облысында туған, Ажкенов Қуат Жанатайұлы тағайындалды. Қ.Ажкенов Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы жұмыс орны - Қарағанды облысында «Жанатай» шаруа қожалығының басшысы. Осы уақытқа дейін «Innovation company» ЖШС бас директорынын қызметін атқарды. Үйленген , үш баласы бар.
Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік Палатаның Манғыстау облысы бойынша филиалының директоры лауазымына, 1960 жылы туған, Маңғыстау облысының тұрғыны, Сағымбай Ғалымжан Үсенұлы тағайындалды. Ғ.Сағымбай 2005-2009 жылы аралығында «Шағын кәсіпкерлікті қолдау Қоры» аймақтық филиалының директоры, Маңгыстау облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, «Қазагроқаржы» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры лауазымында қызмет атқарған.
«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы 2009 жылдың қыркүйек айында құрылып, Қазақстан Республикасы аумағында қызмет атқаруда. Агроөнеркәсіптік Палатаның басты мақсаты Палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, агробизнеспен орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында диалог ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субьектілердің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметтерін біріктіру және өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, бірыңғай іс-әрекет стратегиясын үйлестіру және әзірлеу, агроөнеркәсіптік экономика саласын дамытуға және қолдауға арналған бағдарламаларды әзірлеуге қатыстуға, сонымен қатар Палатаның аймақтық филиал жүйесін кеңейту мен қызметін құшейту болып табылады, деп хабарлады «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасының» баспасөз қызметінен.