Қазақстанның Ұлттық банкі дарынды жастарды іздейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі дарынды жас мамандарды іздесуге бағытталған кезекті науқанының басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Банк баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес ең үздік мамандарды таңдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Үміткерлерге түйіндеме мен эссе тапсыру, психологиялық тестілеуден және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше іріктеу кезеңінен өту ұсынылады.
Үміткерлерді таңдау кезіндегі негізгі өлшемшарттар: біліктілік деңгейінің жоғары болуы, тиісті білім, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл курстарынан өту сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті.
Сонымен Ұлттық банк қызметкері болғыңыз келсе 2018 жылғы 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында банктің ресми сайтында орналастырылған «түйіндеменің» электрондық нұсқасын толтырып, HR@nationalbank.kz электрондық мекен жайына жіберуіңіз қажет.