Қазақстанның Ұлттық банкі сәйкестендіру нөмірлерін (СН) қолдануға көшу мерзімін өзгертті

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық банкі сәйкестендіру нөмірлерін (СН) қолдануға көшу мерзімін өзгертті. Бұл туралы республиканың қаржылық ұйымдары реттегішінің көшірме хатында айтылған.

Қазақстанның Ұлттық банкі сәйкестендіру нөмірлерін (СН) қолдануға көшу мерзімін өзгертті

«Қазақстан Республткасының Ұлттық банкі сәйкестендіру нөмірлеріне көшу мерзімі (болжам бойынша, 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін) өзгертілгендігі туралы хабарлайды. СН-лерін қолдануға көшу мерзімін өзгертуді қарастыратын Қазақстан Республикасының тиісті заң жобасы алдағы жақын уақытта ҚР Парламентіне енгізілетін болады», - делінген хаттың көшірмесінде.

Осыған орай Ұлттық банк, банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен қаржылық ұйымдарынан өздерінің ақпараттық жүйелерін ЖСН (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірлері) мен БСН-ды (заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіру нөмірлері) қолдануға икемдеу жұмыстарын тоқтатуды сұрады. 2011 жылдың 31 желтоқсанынан бастап енгізілуі тиіс жаңа тәртіптердің көкжиегі 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін жылжытылды.

Ұлттық банк, аталмыш сұраққа қатысты қосымша мәліметтер тиісті заңнамалық өзгертулер қабыданғаннан кейін таратылатынын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдері туралы» заңның кейбір ережелерінің іске асырыла бастауына байланысты барлық салаларда ЖСН-дар мен БСН-дар қолданыла бастайтындығы туралы хабарланған болатын.

Онымен қоса, ЖСН мен БСН міндетті банктік реквизиттер болады деп күтілді. Оларсыз 2012 жылдың алғашқы күнінен бастап банктік операцияларды, солардың ішінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу, ақша аударымдары мен төлемдерді жасау, депозит ашу, несие алу мүмкін болмайды деп болжалды.

Онымен бірмезгілде, ағымдағы жылғы желтоқсанның басында ҚР ІІМ-нің көші-қон полициясы комитеті 250 мыңға жуық қазақстандықта ЖСН-ның жоқтығын хабарлаған болатын.