Қазақстанның Ұлттық қор активтері 75,8 млрд. АҚШ долларына жеттi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық қор активтері 75,8 млрд. АҚШ долларға жеттi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде Үкiмет отырысының қорытындысына арналған брифингте ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiм еттi.
"Бағамдық саясаттың өзгеруі жалпы халықаралық резервтердің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жылдың басымен салыстырғанда, олар 11,5%-ға ұлғайды және 27,6 млрд. долларды құрады. Ұлттық қордың активтерді 7,1%-ға өсті және 75,8 млрд. АҚШ долларын құрады", - деп атап өттi министр.