Қазақстанның ұлттық құрамасындағы велошабандоздар Малайзияда өтетін «Лангкави туры» көпкүндігіне қатысады
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық құрамасындағы велошабандоздары наурыз айының 1-7-сі аралығында Малайзияда өтетін «Лангкави туры» көпкүндігіне қатысады. Бұл ақпаратты «Біздің спорт» сайты таратып отыр.
Аталған ақпарат агенттігінің жазуынша, біздің спортшылар қаңтар айының басынан бері Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық құрама сапына 9 велошабандоз енген, оның 6-уы малайзиялық турға қатысады.
Мына спортшылар: Дмитрий Груздев, Назар Жұмабеков, Александр Шушемоин, Роман Жиентаев, Руслан Тілеубаев, Александр Дымовских, Сергей Кузьмин, Мерей Қаһарман және Әбдірайымжан Ишанов Қазақстанның ұлттық құрама сапына кіріп отыр.