«Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен мемлекеттік тілін дамытудағы саяси зерттеулердің мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі

АЛМАТЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен жазғы саясаттанушылар мектебінің шеңберінде тамыздың 18-і күні «Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен мемлекеттік тілін дамытудағы саяси зерттеулердің мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
None
None

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мемлекетінің алдында жаңа мемлекетті дамыту мен нығайту мәселелері туындады. Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы саяси ұлттың қалыптасуы болып табылады. Қазақстан қоғамының көпұлттылығын ескерсек, бұл мәселе біздің еліміздің алдына қойылған стратегиялық міндет болып табылады. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық құрылым теориясы көрсеткендей, саяси ұлттың қалыптасуындағы негізгі элементтерге мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениет жатады. Сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттік құрылымдағы негізгі рольді саяси құралдар ойнайды. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту көбінесе саяси факторлармен анықталады. Нәтижесінде бұл факторлардың ерекшеліктері мен сипатын анықтау барысында, саяси зерттеулердің маңызы зор екенін түсінеміз. Осы тұрғыда Қазақстанда өткізілген ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытуға арналған саяси зерттеулердің теориялық, әдістемелік және методологиялық аспектілері ерекше көрініс табады.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мына мәселелерді талқылау қарастырылған: Қазақстандағы ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы саяси зерттеулердің әдістері мен методологиясының өзгешеліктері; Қазақстандағы ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы бағдарлы жолы.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстанның тәуелсіз және мемлекеттік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу және сараптамалық құрылымдары, БАҚ және Мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар